Басшы

Басшы
Қымбатты оқырман!
Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 8 спорт түрінен 468 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.
Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.
Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!
Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.
2024 жылдың ақпан айының 1 мен 5-і аралығында Рудный қаласында, құзға өрмелеу спорт түрінен Қазақстан Республикасының Кубогі өтті
2024 жылдың қаңтар айының 26 мен 28-ы аралығында Шымкент қаласында, үстел теннис спорт түрінен SHYMKENT CUP жарысы өтті
2024 жылдың қаңтар айының 21-і аралығында Астана қаласында, триатлон спорт түрінен жабық кешеніндегі Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті
2024 жылдың қаңтар айының 18 мен 22-сі аралығында Дубай (БАӘ) қаласында, семсерлесу спорт түрінен Кадеттер арасында Азия Кубогы өтті
2024 жылдың қаңтар айының 15 мен 20-сы аралығында Алматы қаласында, қазіргі бессайыс спорт түрінен Қазақстан Республикасының Ашық Кубогы өтті.


