Басшы

Басшы
Қымбатты оқырман!
Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 8 спорт түрінен 468 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.
Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.
Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!
Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.
2024 жылдың сәуір айының 24 мен 28 аралығында Шымкент қаласында, садақ ату спорт түрінен Ересектер мен Жастар арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының 2-кезеңі өз мәресіне жетті
2024 жылдың сәуір айының 24 мен 27 аралығында БАӘ мемлекеттінің Дубай қаласында, жеңіл атлетика спорт түрінен Азия чемпионаты өтті. Біздің спортшымыз қоржынымызға 1 күміс медалін жеңіп алды.
2024 жылдың сәуір айының 18 мен 19-ы аралығында Қарағанды қаласында, жеңіл атлетикадан 2009-2010 ж.ж. кіші жасөспірімдер арасында Кеңес Үкіметі Батыры Қ. Нұржановты еске алуға арналған Республикалық турнир. Жарысқа 5 аймағы қатысты
Ағымдағы жылдың сәуір айының 2 мен 7 аралығында Шымкент қаласында, нысана көздеу спорт түрінен 2006 ж.т. және одан кіші жастар арасындағы ҚР жеке-командалық чемпионаты өтті. Жарысқа 10 командадан, 155 спортшы қатысты
2024 жылдың наурыз айының 30 мен сәуір айының 6-ы аралығында Шымкент қаласында, садақ ату спорт түрінен Ересектер мен жастар арасында жабық ғимарат ішінде ҚР кубогінің I - кезеңі аяқталды
2024 жылдың ақпан айының 11 мен 25-і аралығында Алматы қаласында, Қазіргі бессайыс спорт түрінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.
2024 жылдың ақпан айының 22 мен 24-і аралығында Өскемен қаласында, жеңіл атлитика спорт түрінен Жабық кешенде 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті
2024 жылдың ақпан айының 20 мен 25-і аралығында Павлодар қаласында, үстел теннис спорт түрінен 2005 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті
2024 жылдың ақпан айының 16 мен 24-і аралығында Алматы қаласында, Қазіргі бессайыс спорт түрінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті
2024 жылдың ақпан айының 16 мен 22-і аралығында Шымкент қаласында, садақ атудан Юниорлар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті
4 бет. Барлығы: 5
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- Алға
- Аяқ жағына


