Мектептің негізгі жүзеге асыратын міндеттері мен мақсаттары:
- Дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысу үшін қатысушыларды тарту арқылы, дене тәрбиесі және сауықтыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады.
- Халықаралық деңгейде спортшыларды тәрбиелеу және спорттық резервті дайындау үшін спорттық жарыстармен, оның ішінде халықаралық деңгейде, спорттық – бұқаралық және спорттық оқу сабақтарын өткізеді, ұйымдастырады.
Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалармен жасөспірімдердің спорт мектебінде» КММ 9- спорт бөлімі бар. Онда 47 жаттықтырушы жұмыс істейді. Біздің спортшылар жыл сайын Қазақстан Республикасы чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болуда және Азия чемпионатына, Азия ойындарына қатысушылар қатарында. Спорттық ойын түрлерінен «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қазіргі кезде қалада көпшілікке мәлім мекеме.
Спортпен шұғылдануға балалардың арасында тілек білдірушілер көп.
Жаттықтырушылар өздерінің тәжірибесін және өзінің білімін оқушыларына береді.
Мектептің шаруашылық қызметінің міндеті мен мақсаты белгіленген ңұсқаулар бойынша, сонымен қатар, мемлекеттік міндеттерін, мемлекеттік басқару органдарына жеткізу арқылы жүзеге асырылады.