Басшы

Изображение WhatsApp 2025 05 22 в 17.44.571 min
Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

Ағымдағы жылдың сәуір айының 2 мен 7 аралығында Шымкент қаласында,  нысана көздеу спорт түрінен 2006 ж.т. және одан кіші жастар арасындағы ҚР жеке-командалық чемпионаты өтті. Жарысқа 10 командадан, 155 спортшы қатысты. Біздің спортшыларымыз қоржынымызға 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медальді жеңіп алды.

МВ-5м жаттығуында ерлер командасы:

Кирилл Цуканов

Дамир Бексаринов

Тамерлан Ердембек - 1 орын.

МВ-5м жаттығуында жеке:

Кирилл Цуканов - 1 орын.

МП-8м жаттығуында ерлер командасы:

Кирилл Цуканов

Дамир Бексаринов

Тамерлан Ердембек - 1 орын.

МП-8м жаттығуында жеке:

Кирилл Цуканов - 2 орын.

ПП-МIХ жаттығуында:

Кирилл Цуканов

Айша Исаева - 2 орын.

ПП-3м жаттығуында ерлер командасы:

Кирилл Цуканов

Дамир Бексаринов

Тамерлан Ердембек - 1 орын.

ПП-3м жаттығуында жеке:

Кирилл Цуканов - 1 орын.

ПП-3ж жаттығуында қыздар командасы:

Аяулым Егинбаева

Айша Исаева

Тасмина Суханова - 3 орын.

МВ-9м жаттығында ерлер командасы:

Асанали Мухамеджанов

Аят Кашкимбаев

Антон Ларцов - 3 орын.

МВ-9ж жаттығуында қыздар командасы:

Юлия Дынько

Дарина Булатова

Зере Кимбильева - 2 орын.

МВ-5м жаттығуында ерлер командасы:

Асанали Мухамеджанов

Аят Кашкимбаев

Егор Никулин - 2 орын.

МВ-5м жаттығуында жеке:

Асанали Мухамеджанов - 1 орын.

МВ-5ж жаттығуында қыздар командасы:

Юлия Дынько

Дарина Булатова

Зере Кимбильева - 3 орын.

ВП- МIХ жаттығуында:

Асанали Мухамеджанов

Юлия Дынько - 3 орын.

ВП-6ж қыздар командасы:

Юлия Дынько

Зере Кимбильева

Диана Палаева - 2 орын.