Басшы

Басшы
Қымбатты оқырман!
Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.
Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.
Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!
Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.
Құрметпен, басшы Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы
Алғыс хатпен марапатталды!
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Астана қаласының спорт басқармасы мектебіміздің ұжымын, қызметкерлері мен жаттықтырушыларын спорт саласын дамытуға қосқан үлесі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі үшін Алғыс хатпен марапаттады. 👏✨
![]()
Құрмет пен марапат!
✨Мектеп директоры Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Спорт саласының кәсіподақ үздігі» төс белгісімен марапатталды!
✨Сонымен қатар, әріптесіміз Баяжанова Айгүл Жақсылыққызы «Еңбек даңқы» төс белгісіне ие болды!
![]()
Туризм және спорт министрлігі: елімізде спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған ай сайынғы төлемдердің бірыңғай жүйесі енгізілді
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң қабылданғаннан кейін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақша қаражаты төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы бұйрық күшіне енді.
Ай сайынғы төлем мөлшері 5-тен 250 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі аралықта белгіленген. Жаңа жүйе инфляцияны ескере отырып, төлем сомасын жыл сайын қайта қарауды қажет етпей, қаржыландыру көлемін автоматты түрде түзетуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұған дейін бұл төлемдер әр өңірде әртүрлі болған.
Жаңа жүйе бойынша төлемдер халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына, спорттық мансабын жалғастыру шартымен, келесі жарысқа дейін жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады.
Аталған бұйрық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген.
Жаңа тәсіл жоғары деңгейдегі спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қолдауда ашықтықты, тұрақтылықты және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Спорт жарыстарына қатысу үшін белгіленген ең төменгі жас шегі туралы
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан «балаларға спортпен айналысуға тыйым салу» жөніндегі ақпараттарға қатысты түсініктеме беруді қажет деп санайды. Аталған мәлімдемелер 2025 жылғы 16 шілдеде бекітілген №133 бұйрыққа сәйкес келмейді.
Бүгінде елімізде 4 пен 17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан астам бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады. Жарыстар – спорттық дайындықтың бір бөлігі ретінде белгілі бір физикалық және эмоциялық жүктемелермен байланысты. Осыған орай, министрлік жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі. Бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығын қорғауға және ерте жаста жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған.
Жас шектеулері спорт федерацияларының ұсынысы негізінде әзірленіп, Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген және халықаралық стандарттарға сай келеді. Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты. Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелерге және спорт резервін даярлайтын өзге де мекемелерге қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды.
Осылайша, «спортпен айналысуға тыйым салынды» деген хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл жерде тек жарыстарға қатысуға қойылатын жас талаптары туралы айтылып отыр.
Жас ерекшеліктеріне байланысты қойылған шектеулер жөніндегі толық ақпарат жоғарыдағы кестеде көрсетілген.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
VI Жастар спорт ойындары аясында садақ ату бөлімінің спортшыларына арнайы спорттық киім табысталды.
![]()
Бүгін 22.07.2025 күні мектеп басшысы Нұрболат Сабырұлы 9 спорт бөлімінің аға жаттықтырушыларымен жұмыс жиналысы өтті.
Жиын барысында әр бөлімнің атқарылған жұмыстары, жеткен жетістіктері мен кездесіп отырған қиындықтары жан-жақты талқыланды.
![]()
![]()
Мектеп басшысы Қазақстан Республикасының чемпионаты мен VI жастар ойындарында жеңіл атлетикадан жеңіске жеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын құттықтады.
Мектеп басшысы Қазақстан Республикасының чемпионаты мен VI жастар ойындарында жеңіл атлетикадан жеңіске жеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын құттықтады.
![]()
![]()
21.07.2025 күні өткен жиналыста өткен аптаның қорытындылары талқыланып, алдағы аптаға арналған жоспарлар бекітілді.
21.07.2025 күні өткен жиналыста өткен аптаның қорытындылары талқыланып, алдағы аптаға арналған жоспарлар бекітілді.
![]()
![]()
![]()
СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМЫН НЫҒАЙТУДА
Мемлекет басшысының жоғары жетістіктер спортын және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүйелі қолдауы мен стратегиялық шешімдерінің нәтижесінде Қазақстан халықаралық спорт аренасындағы орнын нықтап келеді. Биылғы алғашқы алты айда елімізге 13 халықаралық спорт федерациясы мен ұлттық олимпиада комитеттерінің басшылары келді. Бұл – Қазақстанның әлемдік спорт қауымдастығындағы беделінің артып, атқарылып жатқан мемлекеттік саясатқа деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді.
Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Туризм және спорт министрлігі халықаралық федерациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инфрақұрылымды дамыту және елімізде маңызды спорттық іс- шараларды өткізу бағытында кешенді жұмыстар атқаруда.
Қазақстанның жаһандық спорт аренасындағы басқарушылық рөлін күшейтудегі алғашқы маңызды қадам – сала министрі Ербол Мырзабосыновтың Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Директорлар үйлестіру комитетінің мүшесі болып сайлануы болды. Аталған комитет 13 елдің өкілдерінен құралған және әлемдік дзюдоның стратегиялық дамуына жауапты, 20 комиссияның жұмысын үйлестіреді. Қазақстан – бұл құрылымда Орталық Азиядан өкілдік ететін жалғыз мемлекет.
Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы әлеуетінің арта түскенін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың IJF-тің жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының құрамына енуі дәлелдейді.
Елімізде институционалдық және спорттық бағыттар қатар дамып келеді:
🔹2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді – бұл отандық дзюдо тарихындағы екінші әлем біріншілігі;
🔹2023 жылдан бастап Астанада Grand Slam сериясындағы Qazaqstan Barysy турнирі ұйымдастырылып келеді (биыл отандық спортшылар 9 медаль жеңіп алды, жүлде қоры – 154 000 еуро);
🔹2024 жылдың мамырында елордада парадзюдодан (IBSA) әлем чемпионаты өтті, оған 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты;
🔹Астанада халықаралық деңгейдегі төрешілер мен жаттықтырушыларды даярлайтын IJF академиясын ашу жоспарлануда.
Сонымен қатар дзюдо ел ішінде де жаппай дамып келеді – бүгінде бұл спорт түрімен 160 000-нан астам адам айналысады. Бұл қадамдар Қазақстанды халықаралық спорт қозғалысында белсенді әрі сенімді серіктес ретінде тұрақты түрде ілгерілетуге бағытталған.
![]()
![]()
![]()
Директорымыз жеңімпаз спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады
Мектеп басшысы Қазақстан Республикасының чемпионаты мен VI жастар ойындарында жеңіл атлетикадан жеңіске жеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын құттықтады.
![]()
![]()
1 бет. Барлығы: 3
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- Алға
- Аяқ жағына


