Басшы

Изображение WhatsApp 2025 05 22 в 17.44.571 min
Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

2024 жылдың ақпан айының 22 мен 24-і аралығында Өскемен қаласында,  жеңіл атлитика спорт түрінен Жабық кешенде 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа 19 аймақтан,  408 спортшы. 2005-2006 ж.т. жастар арасында,  жарысқа 19 аймақтан, 292 спортшы. Барлығы: 700 спортшы бақ сынасты. Біздің спортшымыз қоржынымызға: 3 алтын, 7 күміс және 7 қола медальдарын жеңіп алды.

2009-2010 ж.т.

1500 м қашықтыққа жүгіруден ұлдар арасында:

Нұрболсын  Мұрат - 1 орын.

1500 м қашықтыққа жүгіруден қыздар арасында:

Виктория Мельникова - 1 орын.

60 м қашықтыққа жүгіруден ұлдар арасында:

Кирилл Киров - 2 орын.

Эстафета 4х200м микс:

Захар Саам

Ералы Мухамеджан

Елизавета Мищенко

Саида Омарова - 2 орын.

2005-2006 ж.т.

1500 м қашықтыққа жүгіруден қыздар арасында:

София Плотникова - 2 орын.

400 м қашықтыққа жүгіруден қыздар арасында:

Анастасия Колода - 3 орын.

1500 м қашықтыққа к/ж ұлдар арасында:

Нұртас Серікұлы 1500м - 3 орын.

60 м қашықтыққа к/ж қыздар арасында:

София Туретаева - 3 орын.

4х 200м эстафета ұлдар арасында:

Захар Саам

Ералы Мухамеджан

Асылхан Макашев

Кирилл Киров - 2 орын.

4 х 200м эстафета ерлер арасында:

Руслан Курманалиев

Артур Кирович

Бейбарыс Батырулы

Владислав Смирнов - 3 орын.

800 м қашықтыққа жүгіруден ерлер арасында:

Владислав Стрельченко - 2 место.

800 м қашықтыққа жүгіруден қыздар арасында:

Анастасия Колода - 1 орын.

Екатерина Колода - 2 орын.

3000 м қашықтыққа жүгіруден қыздар арасында:

Айсулу Болатова - 3 орын.

3000 м қашықтыққа жүгіруден ұлдар арасында:

Нұрболсын Мұрат - 3 орын.

4х400м эстафета:

Анастасия Колода

Екатерина Колода

Анна Мищенко

София Плотникова - 3 орын.

4х400м Эстафета

Захар Саам

Владислав Стрельченко

Асылхан Макашев

Ералы Мухамеджан - 2 орын.