Басшы

Агзамов Азамат Казизович

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Агзамов Азамат Казизович

Оқушылар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-салауатты құқықтық мемлекеттің кепілі

 

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы білім беру мекемелері үшін маңызды болып табылады және оны заңнама мен алдын алу шараларынан бастап әр азаматтың этикасы мен рөліне дейін әртүрлі аспектілерде қарастыруға болады.

 

1. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық шаралары

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған бірнеше заңдар, соның ішінде "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң (2015 жылғы 18 қарашадағы) бар.

Бұл заңның қабылдануы мемлекеттік органдарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресуге міндеттейді.

Заңнамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияларды құруға және мемлекеттік және жеке ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге маңызды рөл берілген.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жоспар

Осы жоспар шеңберінде ашық конкурстарды, заңсыз ықпалға қарсы күресті қоса алғанда, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын жақсарту бойынша шаралар әзірленді