Басшы

Серикбаев Асет Хамитович
Серикбаев Асет Хамитович

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

2024 жылдың ақпан айының 16 мен 22-і аралығында Шымкент қаласында,  садақ атудан Юниорлар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарысқа 8 командадан, 120 спортшы қатысты. Біздің спортшыларымыз қоржынымызға 2 алтын, 6 күміс және 3 қола медальді жеңіп алды.

25 метров (М-3) жасөспірімдер арасында:

Алимжан Калымканов - 2 орын.

Классикалық 18 метров ( М-4) жасөспірімдер арасында:

Алемхан Кабдрахманов - 2 орын.

Рахымжан Қамар - 3 орын.

Блоктық 18 метров ( М-4) жасөспірімдер арасында:

Алимжан Калымканов – 1 орын.

АО жаттығуында жасөспірімдер арасында:

Алемхан Кабдрахманов - 1 орын.

Блоктық садақтан жасөспірімдер арасында:

Алимжан Калымканов – 2 орын.

Классикалық жаттығуда юниорлар командасы:

Нұрсұлтан Молдахмет – 2 орын.

Классикалық жаттығуда жасөспірімдер командасы:

Алемхан Кабдрахманов

Артем Калашников

Рахымжан Қамар – 2 орын.

Классикалық МІХ жаттығуында жасөспірімдер арасында:

Алемхан Кабдрахманов

Дамели Мусабек – 3 орын.

Блоктық садақтан юниорылар командасы:

Иван Ковалев

Арлан Кудайбергенов – 3 орын.

Блоктық садақтан жасөспірімдер командасы:

Алимжан Калымканов

Ерасыл Слямбеков

Едіге Құдайберген – 2 орын.