Басшы

Агзамов Азамат Казизович

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Агзамов Азамат Казизович

2024 жылдың тамыз айының 26 мен 31-і аралығында Көкшетау қаласында, қазіргі бессайыс спорт түрінен жаңа форматта "OBSTACLE"  Қазақстан Республикасы чемпионаты аяқталды. Біздің спортшымыз қоржынымызға 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медалін жеңіп алды.

«А» тобында: Альбина Лубинская - 3 орын.

«С» тобында: Вера Медведева - 2 орын.

«А» тобында: Дмитрий Войнов - 1 орын.

«А» тобында: Осман Белоносов - 3 орын.

«С» тобында: Дмитрий Жулькин - 1 орын.