Басшы

Изображение WhatsApp 2025 05 22 в 17.44.571 min
Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

📍 Астана қаласы, “Astana Target Club” спорттық кешені

Астана қаласында өткен VI Жастар спорт ойындары аясындағы стенд ату жарыстарында елордалық спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бірнеше жүлделі орындарға ие болды.

Жекелей және командалық сайыстарда ерекше көзге түскен спортшылар:

🔹 Скит (әйелдер):
🥈 Сорокина Ангелина
🥉 Садакбаева Адель

🔹 Скит (әйелдер командасы) – 🥇 1 орын
▪ Садакбаева Адель
▪ Садакбаева Ассоль
▪ Сорокина Ангелина

🔹 Скит (ерлер командасы) – 🥉 3 орын
▪ Заводиленко Владислав
▪ Пак Михаил
▪ Кобрин Кирилл

🔹 Скит (микс) – 🥇 1 орын
▪ Садакбаева Адель
▪ Заводиленко Владислав

🔹 Компакт-спортинг:
🥇 Садакбаева Адель
🥈 Садакбаева Ассоль

🔹 Дубль-трап:
🥈 Плиско Артемий

🔹 Жалпыкомандалық есеп нәтижесі бойынша:
🥇 Шымкент
🥈 Астана
🥉 Алматы

Осы жарыстарда ерекше көзге түскен мергендерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Спортшыларымыздың табандылығы мен дайындығы – елордалық спорттың жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Изображение WhatsApp 2025 07 28 в 10.12.23 482939c2