Астана қаласында өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында №9 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ауыр атлетика бөлімінің спортшысы Ермакова Маргарита 69 келі салмақ дәрежесінде жоғары нәтиже көрсетті.
Жарыс барысында спортшы жұлқа көтеру және серпе көтеру жаттығулары бойынша үздік нәтиже көрсетіп, екі жаттығудан да І орын иеленді. Қоссайыс қорытындысы бойынша да қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.
Осылайша, Ермакова Маргарита Қазақстан Республикасының чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды.
Бұл жетістік – спортшының табанды еңбегі мен жүйелі дайындығының нәтижесі. Спортшымызды және оның жаттықтырушыларын айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!
Басшы

Басшы
Қымбатты оқырман!
Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 8 спорт түрінен 468 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.
Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.
Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!
Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ


