Басшы

Изображение WhatsApp 2025 05 22 в 17.44.571 min
Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

📅 18–25 шілде 2025 жыл
📍 Алматы облысы, Алматы базасы
🏆 VI Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары

Ерлер командасы:
🥇 1 орын — Ердембек Тамерлан, Цуканов Кирилл, Бексаринов Дамир
🥉 3 орын — Базаров Ерден, Кашкимбаев Аят, Мухамеджанов Асанали

Қыздар командасы:
🥉 Қола жүлде — Дынько Юлия, Булатова Дарина, Рукас Александра

💐 Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын! 🇰🇿

Изображение WhatsApp 2025 07 22 в 10.42.42 0b9f33ac

Изображение WhatsApp 2025 07 22 в 10.42.42 90f948ca

Изображение WhatsApp 2025 07 22 в 10.42.42 3447195f

Изображение WhatsApp 2025 07 22 в 10.45.37 f902df7f