Басшы

Серикбаев Асет Хамитович
Серикбаев Асет Хамитович

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 8 спорт түрінен 468 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Басқарма басшысы Василий Алексеевич 2026 жылғы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен елордалық спортшыларды арнайы қабылдады.

Атап айтқанда, Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Гулмарал Еркебаева, сондай-ақ Қатар мемлекетінің Доха қаласында өткен стендтік атудан Азия чемпионы Адель Садакбаева және олардың жеке бапкерлері қабылдауға қатысты.

Жиын барысында Василий Левит спортшылардың халықаралық аренадағы нәтижелерін жоғары бағалап, ел намысын лайықты қорғағаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, олардың жаттықтырушыларына кәсіби шеберлігі мен ел спортын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Кездесуде алдағы жарыстарға дайындық мәселелері қаралып, спортшылар мен бапкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Өз кезегінде спортшылар көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, болашақта да жоғары нәтижелерге жету жолында бар күш-жігерлерін салатындарын жеткізді.