Басшы

Серикбаев Асет Хамитович
Серикбаев Асет Хамитович

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 8 спорт түрінен 468 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.


Бурабай кентінде қазіргі бессайыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

№9 БЖСМ спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, елорда намысын абыроймен қорғады.

Жарыс жүлдегерлері:

Дудченко Валерия

* Жеке есеп, С тобы — 2-орын
* Командалық есеп, В тобы — 3-орын
* Командалық есеп, С тобы — 3-орын
* Эстафета, С тобы — 1-орын
* MIX эстафетасы, С тобы — 1-орын

Спрутов Кирилл

* Командалық есеп, А тобы — 3-орын

Цой Ирсин

* Командалық есеп, А тобы — 3-орын
* Эстафета, А тобы — 2-орын

Цой Тимур

* Командалық есеп, А тобы — 3-орын
* Эстафета, А тобы — 2-орын

Бақытбек Мырзабай

* MIX эстафетасы, А тобы — 3-орын

Мұрат Кәусар

* Командалық есеп, В тобы — 3-орын
* Командалық есеп, С тобы — 3-орын
* Эстафета, С тобы — 1-орын
* MIX эстафетасы, А тобы — 3-орын

Шаульская Кира

* Командалық есеп, В тобы — 3-орын
* Эстафета, В тобы — 2-орын

Ткаченко Варвара

* Эстафета, А тобы — 3-орын

Жаманқұл Балерке

* Командалық есеп, С тобы — 3-орын
* Эстафета, А тобы — 3-орын

Жалпы қорытынды:

* 3 алтын медаль
* 4 күміс медаль
* 13 қола медаль

Барлық спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыздың арқасында №9 БЖСМ кезекті рет жоғары нәтижеге қол жеткізді. Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз