Басшы

Серикбаев Асет Хамитович
Серикбаев Асет Хамитович

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 8 спорт түрінен 468 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Астана қаласының құрамасы Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының U21 чемпионаты және «Алатау» Гран-при турнирінде өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар келесі жүлделі орындарға ие болды:

Качанов Сергей:
🥈 2 орын – Гран-при, скит микс

Садакбаева Ассоль:
🥇 1 орын – ҚР чемпионаты, скит
🥉 3 орын – ҚР чемпионаты, скит микс

Плиско Артемий:
🥈 2 орын – ҚР чемпионаты, трап
🥉 3 орын – «Алатау» Гран-при, трап

Заводиленко Владислав:
🥉 3 орын – ҚР чемпионаты, скит (жеке)

Сорокина Ангелина:
🥇 1 орын – ҚР чемпионаты, скит (жеке)

Пак Максим:
🥉 3 орын – ҚР чемпионаты, скит микс

Садакбаева Адель:
🥉 3 орын – «Алатау» Гран-при, скит
🥈 2 орын – Гран-при, скит команда
🥈 2 орын – Гран-при, скит микс

Сонымен қатар, Плиско Артемий іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін (113/125) орындады.

Спортшыларды және жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!