Басшы

Серикбаев Асет Хамитович
Серикбаев Асет Хамитович

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 8 спорт түрінен 468 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Астана қаласының стендтік ату бойынша құрама командасының спортшылары ҚР U18 чемпионаты мен Александр Асанов атындағы Гран-при жарысында жоғары нәтиже көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз жүлделі орындарға ие болды:

🥇 Ассоль Садақбаева — ҚР U18 чемпионатының жеңімпазы;
🥇 Сергей Качанов, Максим Пак, Владислав Заводиленко — Александр Асанов атындағы Гран-приде командалық есепте алтын медаль иегерлері;
🥉 Кирилл Кобрин, Асанали Теңгелбай, Бебарсұлтан Щеглов — ҚР U18 чемпионатының командалық есебінде қола жүлдегерлер;
🥈 Ассоль Садақбаева, Дария Шмелева, Ангелина Сорокина — ҚР U18 чемпионатының командалық есебінде күміс жүлдегерлер;
🥇 Ангелина Сорокина — «Соло» дисциплинасы бойынша алтын медаль иегері;
🥉 Владислав Заводиленко — Александр Асанов атындағы Гран-придің жеке есебінде қола жүлдегер;
🥉 Ассоль Садақбаева, Дария Шмелева, Ангелина Сорокина — Александр Асанов атындағы Гран-придің командалық есебінде қола жүлдегерлер.

Спортшыларымызды және жаттықтырушылар құрамын жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беріңіздер!