Басшы

Изображение WhatsApp 2025 05 22 в 17.44.571 min
Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

2024 жылдың қыркүйек айының 17 мен 19 аралығында Қарағанды қаласында  жеңіл атлетика спорт турінен БЖСМ, СДБАМИ араларында 2007-2008 ж.т., 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстанның 18 аймағынан 720 спортшы  қатысты. Біздің спортшыларымыз қоржынға 4 алтын, 2 күміс және 3 қола меделін жеңіп алды.

100м қашықтыққа жүріруден:

Бейбарыс Батырұлы - 1 орын.

2000 м қашықтыққа жүріруден:

Нұрболсын Мурат - 1 орын.

Эстафета 4х100м:

Кирилл Киров

Ералы Мухамеджан

Туран Ибрагимов

Захар Саам - 2 орын.

600м қашықтыққа жүріруден:

Виктория Мельникова - 3 орын.

200м қашықтыққа жүріруден:

Батырұлы Бейбарыс - 1 орын.

Эстафета 4х200м микс:

Киров Кирилл

Мухамеджан Ералы

Мищенко Елизавета

Омарова Саида - 1 орын.

100м с/б қашықтыққа жүріруден:

 София Туретаева - 3 орын.

1000 м қашықтыққа жүріруден:

Мұрат Нұрболсын - 2 орын.

3000м қашықтыққа жүріруден:

Сырымов Арман - 3 орын.