Басшы

Изображение WhatsApp 2025 05 22 в 17.44.571 min
Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

2024 жылдың қаңтар айының 26 мен 28-ы аралығында Шымкент қаласында,  үстел теннис спорт түрінен SHYMKENT CUP жарысы өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекістан және Қырғызстанан, 200 жуық спортшы қатысты. Біздің спортшымыз қоржынымызға 1 қола медалін жеңіп алды.

Қыздар арасында жеке:

Алиса Цвигун – 3 орын.

IMG 20240128 WA0177 IMG 20240128 WA0182