Басшы

Серикбаев Асет Хамитович
Серикбаев Асет Хамитович

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 8 спорт түрінен 468 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Мемлекет басшысының жоғары жетістіктер спортын және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүйелі қолдауы мен стратегиялық шешімдерінің нәтижесінде Қазақстан халықаралық спорт аренасындағы орнын нықтап келеді. Биылғы алғашқы алты айда елімізге 13 халықаралық спорт федерациясы мен ұлттық олимпиада комитеттерінің басшылары келді. Бұл – Қазақстанның әлемдік спорт қауымдастығындағы беделінің артып, атқарылып жатқан мемлекеттік саясатқа деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді.

 

Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Туризм және спорт министрлігі халықаралық федерациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инфрақұрылымды дамыту және елімізде маңызды спорттық іс- шараларды өткізу бағытында кешенді жұмыстар атқаруда.

 

Қазақстанның жаһандық спорт аренасындағы басқарушылық рөлін күшейтудегі алғашқы маңызды қадам – сала министрі Ербол Мырзабосыновтың Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Директорлар үйлестіру комитетінің мүшесі болып сайлануы болды. Аталған комитет 13 елдің өкілдерінен құралған және әлемдік дзюдоның стратегиялық дамуына жауапты, 20 комиссияның жұмысын үйлестіреді. Қазақстан – бұл құрылымда Орталық Азиядан өкілдік ететін жалғыз мемлекет.

 

Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы әлеуетінің арта түскенін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың IJF-тің жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының құрамына енуі дәлелдейді.

 

Елімізде институционалдық және спорттық бағыттар қатар дамып келеді:

 

🔹2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді – бұл отандық дзюдо тарихындағы екінші әлем біріншілігі;

🔹2023 жылдан бастап Астанада Grand Slam сериясындағы Qazaqstan Barysy турнирі ұйымдастырылып келеді (биыл отандық спортшылар 9 медаль жеңіп алды, жүлде қоры – 154 000 еуро);

🔹2024 жылдың мамырында елордада парадзюдодан (IBSA) әлем чемпионаты өтті, оған 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты;

🔹Астанада халықаралық деңгейдегі төрешілер мен жаттықтырушыларды даярлайтын IJF академиясын ашу жоспарлануда.

 

Сонымен қатар дзюдо ел ішінде де жаппай дамып келеді – бүгінде бұл спорт түрімен 160 000-нан астам адам айналысады. Бұл қадамдар Қазақстанды халықаралық спорт қозғалысында белсенді әрі сенімді серіктес ретінде тұрақты түрде ілгерілетуге бағытталған.

1000277481

1000277483

1000277485

Мектеп басшысы Қазақстан Республикасының чемпионаты мен VI жастар ойындарында жеңіл атлетикадан жеңіске жеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын құттықтады.

1000276829

1000276832

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

 

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

 

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

 

Конкурсқа қатысуға құжаттар  2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (қағаз нұсқа)  мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісінде, ал (электрондық нұсқа)  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасы арқылы қабылданады.

 

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).

 

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының қағидасы: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/861853?lang=kk

                    https://www.instagram.com/p/DMFJs2bIjDA/?igsh=eHA5cmk2ZDV3emF3

Изображение WhatsApp 2025 07 01 в 12.17.36 6847c224

Изображение WhatsApp 2025 07 01 в 12.17.36 7220b845

Изображение WhatsApp 2025 07 01 в 12.17.36 b1ce51eb

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараны ресми түрде №__ мектептің директоры Нұрболат Сабырұлы ашып берді.

Чемпионат 2025 жылдың 20–28 маусымы аралығында өткізіледі.

Изображение WhatsApp 2025 06 26 в 13.11.26 019023a4

Изображение WhatsApp 2025 06 26 в 13.11.26 11be1a8c

Изображение WhatsApp 2025 06 26 в 13.20.25 217bd5b5

Өтебайұлы Айбек

Айбек Өтебайұлы 1908 жылы Торғай облысы, Амангелді ауданына қарасты Рахмет ауылындағы Зортөбеде дүниеге келген. Балалық және жастық шағы осы өңірде өтеді.

1942 жылдың 25 шілдесінде ел басына күн туған кезде Амангелді ауданынан Шұбаркөл жеріндегі жинақ пунктіне әскери дайындыққа аттанады. Дайындықтан кейін Сталинград маңындағы ұрыс жүріп жатқан майданға жіберіліп, 126-атқыштар полкінің құрамында шайқасқа қатысады. Фашистермен болған қиян-кескі ұрыста ауыр жарақат алады.

Жарақаттан кейін Свердлов қаласындағы госпитальда ем қабылдайды. 1944 жылы дәрігерлер оның соғысқа жарамсыз екенін анықтап, елге қайтарылады.

Соғыстан кейінгі еңбек жолын 1945 жылы Амангелді ауданының үшінші ауылында бастайды. Ағаштықол мен Куйбышев колхоздарында ферма бастығы болып қызмет етеді. Кейін Иманов атындағы совхоз құрылғаннан соң Төменгі Куйбышев бөлімшесінде мал маманы, ал 1968 жылдан бастап Ақкісі бөлімшесінде қойма меңгерушісі қызметін атқарады. Осы қызметтен зейнеткерлікке шығады.

Бүгін ұжыммен бірге «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында спорт ғимаратының ауласын тазарту жұмыстарын жүргіздік. Бұл - тек сенбілік шарасы емес, денсаулық пен сергектікті дәріптейтін ортамызды таза ұстауға бағытталған игі қадам. Айналаны таза ұстау - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Әрбір жиналған қоқыс, тазартылған аумақ - қаламыздың тазалығына қосылған кішкентай болса да, маңызды үлес. Таза қала - таза қоғамның бейнесі. Ал қоғамның келешегі - салауатты өмір салтын ұстанған, жауапкершілікті азаматтардың қолында.

Демалыс күндері Астана қаласындағы Есіл өзенінің бойында дәстүрге айналған «Бұрқасын – 2025» қысқы фестивалі қайта жаңғырды.

Айтулы шараға #9 БЖСМ басшылығы мен қызметкерлер, спортшы, жаттықтырушылар қатысты.

24-рет өткізіліп жатқан қысқы спорт фестиваліне 1000-ға жуық қатысушы тіркелді.
Фестиваль барысында қатысушылар 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Олар: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.

Бүгін, Астана қаласының темір жол вокзалынан #9 БЖСМ мақтанышы Кирилл Цукановты жақындары мен спорт мамандары құрметпентқарсы алды.

Бангкок астанасы Таиландта нысана көздеуден өткен Азия кубогында спортшымыз Кирилл үздік деп танылды.
Ол Қазақстан ерлер/жасөспірімдер командасы 10 метр қашықтықта пневматикалық тапаншадан ату бойынша қарсылас шақ келтірмеді.
Сондай-ақ, жеке сында да жеңіске жетіп алтын медальдарға ие болды.

Айта кетейік, жарыста 23 елден 316 спортшы қатысты
Азия кубогы 2025 жылдың 9-22 ақпан аралығы өткен болатын.