Басшы

Изображение WhatsApp 2025 05 22 в 17.44.571 min
Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң қабылданғаннан кейін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақша қаражаты төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы бұйрық күшіне енді.

Ай сайынғы төлем мөлшері 5-тен 250 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі аралықта белгіленген. Жаңа жүйе инфляцияны ескере отырып, төлем сомасын жыл сайын қайта қарауды қажет етпей, қаржыландыру көлемін автоматты түрде түзетуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұған дейін бұл төлемдер әр өңірде әртүрлі болған.

Жаңа жүйе бойынша төлемдер халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына, спорттық мансабын жалғастыру шартымен, келесі жарысқа дейін жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады.

Аталған бұйрық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген.

Жаңа тәсіл жоғары деңгейдегі спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қолдауда ашықтықты, тұрақтылықты және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.