Басшы

Изображение WhatsApp 2025 05 22 в 17.44.571 min
Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Астана қаласы әкімдігінің "№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Рысмағамбетов Нұрболат Сабырұлы

Нысана көздеу спорттық ату спорт түрі болып табылады. Жарыстарда кіші калибрлі, үлкен калибрлі, пневматикалық мылтықтар мен тапаншаларды қолданады. Әрбір сайыс мылтықпен, тапаншамен, қозғалмалы нысанға мылтықпен оқ ату болып бөлінеді.Нысана көздеудің тариқы арабелетта мен садақтан бастау алды. Ең алғаш рет 1824 жылы Швейцарияда осы спорт түрінен жарыс өтті. Осы сияқты жарыстар 19-ғасырда Белгияда,Францияда, Германияда, Грецияда, Италияда жәнеде европаның басқада қалаларында өтті. Біраз уақыт өткен соң нысана көздеу спорт түрі АҚШ кеңінен таралды.Бірінші әлемдік чемпионат 1897 жылы Францияда өтті. 1907 жылы Халықаралық ұлтық ату федерациясы құрылды, оған сегіз ел: Агентина, Австрия,Бельгия, Греция, Нидерланды,Италия, Швейцария, Франция кірді. 1921 жылы Халықаралық ату одағы, 1947 жылы Халықаралық ату спорты одағы болып құрылды. Олимпиадалық ойындарды ұйымдастырушы елдердің әскери билік органдары өткізді,ал әлем біріншілігі тек халықаралық ережелерге бағынатын және қатаң сақтайтын. 1998 жылы одақ атын тағы өзгертті, бұл жолы халықаралық ату спорты федерациясы болып,ХАСФ. Халықаралық жарыстарда 15 ерлерге, 7 әйелдерге арналған атыс түрлерін жүзеге асыру ұсынылып,бекітілді. Қазіргі уақытта олимпиадалық бағдарламада мылтықпен атуда бес жаттығу кіреді: екі әйелдерге (кіші калибірлі мылтық-5, пневматикалық мылтық-4) және үш ерлерге (кіші калибірлі мылтық-6, кіші калибірлі мылтық-9, пневматикалық мылтық-6).Тапаншамен атудада бес жаттығу тәртібі енгізілген: әйелдерге (кіші калибрлі тапанша -5, пневматикалық тапанша -2), ерлерге (кіші калибрлі тапанша -6, кіші калибрлі тапанша -8, пневматикалық тапанша -3).
     Ерекше айтқым келеді, спорттық ату жеңіске деген төзімділікті және табандылықты,  үйлесімді қозғалысты, ұстамдылықты, бақылаушылықты қалыптастырады. Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін тамаша техниканы білу ғана емес, өз эмоциясын басқара білу керек. Спортшы жақсы жаттыққан, жоғары адамгершілік қасиетті бар, психологиялық төзімді, экстремалды жағдайларда теріс эмоцияға берілмей шыға алатын болуы тиіс.Нысана көздеу спорты - өз-өзіңмен күресуді қажет ететін спорт түрі.