Стенд ату - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Стенд ату

Стенд ату-ату спортының бір түрі. Стенд ату жарыстары ашық аспан астында өтеді. Ату оқпен зарядталған тегіс ұңғылы қару және арнайы нысана табақшасымен жүзеге асады. Оқ бытырасының  бірнешеуі тигенде табақша бөлшектенеді. Нысана арнайы битум қоспасынан (асфальт жасауда қолданатын) және цементтен жасалады,арнайы машиналардың көмегімен арнайы орындарға тасталады.Қазіргі уақытта нысана жасауда қоршаған ортаға зиян келтірмейтін компонентерді пайдаланатын экологиялық өндіріс технологиясы әзірленуде және енгізілуде. Олимпиаа бағдарламасына жарыстың үш түрінен кіреді-дөңгелек  стенд (немее скит),траншеялық стенд (немесе трап) және дубль трап. Дөңгелек стендте бір атыс орнынан екінші орынға ауысып отырады (барлығы сегіз атыс орыны) ату бұрышының өзгеруі нысана ұшатын жолдарға байланысты, қатысушы оқты табақшаға қарай бағыттайды,бөлмелерде табақшалар бір-біріне қарсы ұшады.Нысана әртүрлі биіктікте ұшады. Сонымен қатар, дөңгелекті стенд автоматты түрде 0-ден 3 секундқа дейін өзгеріп отырады, әмірден кейін нысана кешігіп ұшып жаттығу көрсеткі, ерекшеленеді. Украйына спортшысы Николай Мильчев 2000 жылы дөңгелек стенд жарысында бірінші рет абсалюттік нәтиже көрсетті, 150 нысананың барлығына тигізіп. Бұл рекордты қайталауға болады, бірақ ұрмайды. Траншеялық стендте спортшы табақшаны әр түрлі бағытта  атады (солға, оңға немесе түзу).Мерген нысананың ұшқанға дейін,нысана қайда ұшатынын білмейді.Дубль-трап жарысы траншеялық стед сияқты болады, бұнда табақшалар жұбымен лақтырылады,ату дублет жүргізіледі.Сондай-ақ 0-1 секунд атқыш командасынан кейін нысананы кешіктіру,дубл-трап жаттығуына 2004 жылдан бастап енгізілді.Олимпиада ойындарының бағдарламасына траншеялық стенд 1900 жылы ерлер үшін,2000 жылы әйелдер үшін енді,дөңгелек стенд ерлер үшін 1968 жылы, әйелдер үшін 2000жылы енді,дабл-трап ерлер мен әйелдер үшін 1996 жылы енгізілді.Барлық үш олимпиада тәртібі бойынша,жарыстр бір ережемен өткізілді.Алдын-ала жарыстар барысында алтылық финалист анықталады,онда ақтық чемпиондар мен жеңімпаздар айқындалады.Алдын-ала жарыстар мен ақтық сынның қортындысы жинақталады.Егер екі немесе оданда көп спортшылар нәтижесінде бірдей ұпай санын жинаса,онда олардың арасында бірінші қателікке дейін атыс жүргізіледі.Көрермен қызығушылығын арттыру үшін және төреші қателіктерін азайту үшін ақтық сында арнайы табақшалар қолданады, ауаға түсті табақша лақтырылады( әдетте-қызыл,сирек-сары).

 

В отделений стендовой стрельбы работает 1 тренер с высшей категорией. В отделений стендовой стрельбы тренируются - 22 спортсменов, из них 1-МС, 2-КМС, 5-1 разряд. В июле месяце 2011 года в городе Шымкент в 3 летней Спартакиаде Махмудова И. заняла 1 место (компакт спортинг), а Амандыков А. занял 3 место (компакт спортинг) .