Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан нысана және стенд ату спортынан ISSF жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында елордалық спортшы Асылым Жақия алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Асылым әйелдер арасындағы 25 метрден стандартты тапаншамен ату сайысында 554 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.
2026 жылғы 16–26 маусым аралығында өтіп жатқан халықаралық додаға әлемнің 63 мемлекетінен 778 спортшы қатысуда.
Асылымды айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – спортшының табанды еңбегінің, жоғары тәртібінің және жеңіске деген ұмтылысының нәтижесі.
Спортшының жаттықтырушыларына, Қазақстан құрамасына және Қазақстан спорттық ату федерациясына спортшыларды даярлауға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдіреміз.
Асылым, жеңісің құтты болсын! Біз сені мақтан тұтамыз!
БІР РУХ | БІР КОМАНДА | БІР ЖЕҢІС!



