Астана қаласының стендтік ату бойынша құрама командасының спортшылары ҚР U18 чемпионаты мен Александр Асанов атындағы Гран-при жарысында жоғары нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз жүлделі орындарға ие болды:
? Ассоль Садақбаева — ҚР U18 чемпионатының жеңімпазы;
? Сергей Качанов, Максим Пак, Владислав Заводиленко — Александр Асанов атындағы Гран-приде командалық есепте алтын медаль иегерлері;
? Кирилл Кобрин, Асанали Теңгелбай, Бебарсұлтан Щеглов — ҚР U18 чемпионатының командалық есебінде қола жүлдегерлер;
? Ассоль Садақбаева, Дария Шмелева, Ангелина Сорокина — ҚР U18 чемпионатының командалық есебінде күміс жүлдегерлер;
? Ангелина Сорокина — «Соло» дисциплинасы бойынша алтын медаль иегері;
? Владислав Заводиленко — Александр Асанов атындағы Гран-придің жеке есебінде қола жүлдегер;
? Ассоль Садақбаева, Дария Шмелева, Ангелина Сорокина — Александр Асанов атындағы Гран-придің командалық есебінде қола жүлдегерлер.
Спортшыларымызды және жаттықтырушылар құрамын жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беріңіздер!



