18–21 мамыр аралығында Әндіжан қаласында үстел теннисінен VI халықаралық мемориалдық «Рафик Шириев кубогы» турнирі өтті.
Жарысқа әртүрлі елдерден 430-дан астам спортшы қатысты. Турнирде жалпы 12 команда бақ сынады. Олардың қатарында Қытай, Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстан құрамалары болды.
Астана қаласының үстел теннисі құрамасының спортшылары жүлделі орындарға ие болды:
🥈 Сапабек Арайлым — 2 орын
🥉 Асатулла Арсен — 3 орын
Спортшыларымызды сәтті өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер, биік белестер және толағай табыстар тілейміз!



