Сізді, 66 жас туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ғұмырыңыздың 45 жылдық белесін спортқа арнаған өзіңізге алғыс айта отырып, лайықты құрметті демалысқа қимастықпен шығарып салғымыз келеді!
Өзіңізді еліміздің жастарына үлгі тұтар нағыз ер азамат деп білеміз!
Бүгінде, Астана қаласы әкімдігінің #9 Балалар мен жасөспірідер спорт мектебінің жеңісті дамуындағы биік шыңдарында Сіздің де үлесіңіз ауыз толтырып айтарлықтай десек артық емес. Денсаулық пен күш-жігердің нышанына айналғаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздің қажырлы еңбегіңіз бен адалдығыңыз тек өзіңіз үшін ғана емес, барлық шәкірттеріңіз, әріптестеріңіз үшін де үлкен тәрбие. Спорт әлемінде алған тәжірибеңіз бен жеткен жетістіктеріңіз әлі де көп жастарға жол көрсетіп, демеу болады деп сенеміз.
Алдағы өміріңізде денсаулығыңыз мықты, өміріңіз қуаныш пен жеңістерге толы болсын.
Отбасыңыз бен жақындарыңызға амандық тілейміз!
Басшы

Басшы
Қымбатты оқырман!
Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.
Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.
Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!
Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.
Құрметпен, басшы Агзамов Азамат Казизович