Басшы

Агзамов Азамат Казизович

Басшы

 

Қымбатты оқырман!

Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сіздер біздің ресми ақпараттар алаңынан Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне» КММ қарасты 9 спорт түрінен 800 астам балалар мен жасөспірімдер жайында және олардың жарқын жеңістері мен жетістіктерін дәріптеу мақсатында жазылған соңғы ақпараттарды таба аласыз.

Біздің мектебіміз спорт пен Дене шынықтыру саласындағы таланттарды дамытуға, әр баланың мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталған. Мұнда әрбір оқушыға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, жеңіске деген жігерін арттыру, және өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Сіздер біздің мектепте тек спорттық жаттығулармен ғана айналысып қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, командалық рухты сезініп, табандылық пен шыдамдылыққа үйренесіздер. Мектебіміздің есігі әрқашан ашық, болашақ чемпиондар мен рухты жастарды қабылдаймыз. Бізбен бірге жаңа биіктерге жетіңіздер!

Спорт — тек жарыс емес, бұл өмірлік дағдыларды үйренудің бір жолы.

Құрметпен, басшы Агзамов Азамат Казизович

Бангкок астанасы Таиландта нысана көздеуден Азия кубогы өтуде.
Бүгінгі нәтижеде Қазақстан ерлер/жасөспірімдер командасы 10 метр қашықтықта пневматикалық тапаншадан ату бойынша көш бастады. Алтын медаль иегерлері қатарында Астана қаласының БЖСМ #9 спортшысы Кирилл Цуканов
бар.
Сондай-ақ, ерлер жасөспірімдер арасында 10 метрлік пневматикалық тапаншадан Кирилл Цуканов жеке сында да жеңіске жетіп алтын медалға ие болды.

Айта кетейік, жарыста 23 елден 316 спортшы бақ сынауда.
Өтетін күндер: 9-22 ақпан 2025 ж.

Изображение WhatsApp 2025 02 14 в 10.50.09 79ddb7dd

Изображение WhatsApp 2025 02 14 в 10.50.10 142c0e6fИзображение WhatsApp 2025 02 14 в 10.50.12 b6e73620