Нәтижелер - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Нәтижелер

28 Мамыр Қазақстан Республикасы V жазғы спартакиадасы

2019 жылдың 19 мен 27 мамыр айы аралығында Шымкент  қаласында стенд ату спорт түрінен, Қазақстан Республикасы V жазғы спартакиадасы өтті. Жарысқа 6 командадан, 91 спортшы қатысты. Біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Компакт-спортинг-Әйелдер арасында: Нурайым Утева және Адель Садакбаева командалық – 1 орынды жеңіп алды.  Нурайым Утева және Адель Садакбаева  Скит жаттығуынан командалық – 3 орын  алды. Ерлер арасында: Сергей Качанов,  Дмитрий Качанов және Айк Авагян Скит жаттығуынан командалық – 3 орын алды. Ерлер арасында: Трап жаттығуынан Андрей Могилевский – 3 орын алды. Нурайым Утева және Айк Авагян Скит Mix жаттығуынан командалық – 3 орын алды. Компакт-спортинг-Ерлер арасында: Дмитрий Качанов, Сергей Качанов және Андрей Могилевский командалық – 3 орынға ие болды. Барлық чемпиондар және жүлдегерлер медальдармен, грамоталарымен марапатталды.