Нәтижелер - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Нәтижелер

28 Наурыз «Клинки Алатау» халықаралық турнирі

2019 жылдың 22 мен 27 наурыз айы аралығында, Алматы қаласында, семсерлесу спорт түрінен кадеттер мен жасөспірімдер арасында «Клинки Алатау» халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 10 командадан 104 спортшы қатысты. Біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Камила Мырзахметова қылыштан – 2 орын алды. Диляра Исабекова, Камила Мырзахметова, Диана Исина және Камила Алимова қылыштан командалық – 1 орынды жеңіп алды. Донат Жакупов, Дамир Телағыс, Жанболат Дюсембай және Азамат Бакиров қылыштан командалық – 3 орынға ие болды. Донат Жакупов рапирадан жеке – 3 орынға ие болды. Дана Какенова рапирадан жеке – 1 орынды жеңіп алды. Жасөспірімдер ұлдар арасында: Донат Жакупов, Дамир Телағыс, Жамболат Дюсембай және Родион Чурбаков рапирадан командалық – 3 орын алды. Кадеттер ұлдар арасында: Илья Сираев, Динмухамед Ерікұлы, Әлисұлтан Білеш және Мансур Естеу рапирадан командалық – 3 орынға ие болды. Жасөспірімдер қыздар арасында: Дана Какенова, Адина Азимханова, Мадина Кайролла және Камила Мырзахметова рапирадан командалық – 3 орын алды. Кадеттер қыздар арасында: Диана Исина, Алина Кайролла және Камила Алимова рапирадан командалық – 3 орынға ие болды. Барлық чемпиондар және жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен марапатталды.