Нәтижелер - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Нәтижелер

20 Наурыз Қазақстан Республикасының Чемпионаты - I кезеңі

2019 жылдың 04 – 11 наурыз айы аралығында Шымкент  қаласында, стенд ату спорт түрінен Шымкент қаласының Ашық чемпионаты және  Қазақстан Республика Чемпионатының - I кезеңі өтті. Жарысқа 5 командадан, 171 спортшы қатысты. Біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті, оның ішінде  Нурайым Утева - Скит жаттығуынан – 1 орынды жеңіп алды. Ерлер арасында Трап жаттығуынан Андрей Могилевский - 1 орын, Трап-микс жаттығуынан – 2 орын және Дубль-трап жаттығуынан – 2 орынға ие болды. Барлық чемпиондар және жүлдегерлер медальдармен, грамоталарымен марапатталды.